Қарағандыда Серік Сәпиев соққыға жығылған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда Серік Сәпиев соққыға жығылған Фото: ©instagram.com/seriksapievboxing

Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжал туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжал туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакция мәліметінше, жанжал 21 қаңтарда Қарағандыдағы спорт мектебінің аумағында болған. Алдымен ауызша кикілжің туындап, кейін ол төбелеске ұласқан. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған.

Ақпаратқа Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.

"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деді полиция.

Айта кетейік, Серік Сәпиев қазір Қарағанды ​​облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.35  course down  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети