25 қараша 2021 14:36

Қарағандыда сотталушылар виртуал көзілдірікпен күйзелістен арыла бастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/11 мекемесінің психологтары сотталғандардың психоэмоционалдық жағдайын жақсарту үшін ерекше әдістерді қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/11 мекемесінің психологтары сотталғандардың психоэмоционалдық жағдайын жақсарту үшін ерекше әдістерді қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталғандар Эрмитаж, Лувр мұражайларына, сондай-ақ Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанға бару үшін виртуал шындық көзілдірігін пайдаланған. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, VR көзілдірігін қолдану сотталғандарды қатты қуантып, қазіргі қиын жағдайды ұмытуға көмектеседі.

Фото: polisia.kz

"Сотталғандардың эмоционалдық жеңілдеуіне ықпал ету үшін мекеме әкімшілігі сотталушыларға виртуал шындық көзілдіріктерінің көмегімен әлемдегі ең көп баратын әйгілі мұражайларды көрсету туралы шешім қабылдады. Менің ойымша, бұл жай ғана түсініксіз сезімдер. Виртуалды саяхат сотталғандардың жағымды эмоцияларын тудырады. Олардың көпшілігі балалар секілді қуанады. Виртуалды серуендеу барысында олар өз сезімдерін басқалармен бөлісуге тырысып, не көргендерін бірден дауыстап айтады. Бұл сотталғандарды эмоционалды және психологиялық жеңілдетудің тиімді әдістерінің бірі", - деді Юлия Иванова, АК-159/11 мекемесі бастығының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети