Қарағандыда СOVID-19 жұқтырған дәрігер өтемақы ала алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда СOVID-19 жұқтырған дәрігер өтемақы ала алмады Роза Көккөзова. © Tengrinews.kz

Қарағандыда пандемия кезінде СOVID-19 жұқтырған акушер-гинеколог Роза Көккөзоваға өтемақы төленбейтін болды. Сот дәрігердің шағымын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда пандемия кезінде СOVID-19 жұқтырған акушер-гинеколог Роза Көккөзоваға өтемақы төленбейтін болды. Сот дәрігердің шағымын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роза Көккөзованың талап арызы Қарағандының №2 Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Жауапкер ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің Қарағанды облысындағы Денсаулық сақтау басқармасы және Роза Көккөзова жұмыс істейтін Абай қаласының орталық ауруханасы тартылды.

Сондай-ақ, жауапкер ретінде облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті және Абай аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тартылды.

Талапкер соттан жұмыс барысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегін растау және жауапкерлерді 2 миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем төлеуге міндеттеуді сұрады.

Алайда 29 наурызда судья Данияр Тұрсынов соңғы шешім шығарып, оған сәйкес дәрігердің талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Роза Көккөзова мен оның адвокаты бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымдануға ниетті. Сонымен қатар, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке екі өтініш жіберді.

Онда дәрігер Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеу үшін бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану тұрғысынан аудиторлық тексеру жүргізуді сұрайды.

Айта кетейік, 25 жылдық еңбек өтілі бар акушер-гинеколог Роза Көккөзова қызмет барысында коронавирус жұқтырғанан кейін және 2 миллион теңге өтемақы берілмегеннен кейін Денсаулық сақтау министрлігіне қарсы сотқа жүгінген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети