Қарағандыда таңғы уақыттан бері қатты қар жауып жатыр. Қала тұрғындары қолайсыз ауа райын әлеуметтік желілерде талқылап, 30 наурызды "58 ақпан" деп әзілдеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, дөңгелектерін ауыстырып үлгерген көлік жүргізушілері абдырып қалды.
"Майқұдықтан жұмыс жаққа қарай жарты сағат жүрдім, әдетте 15 минутта жетіп қалатынмын. Жол-апаты көбейіп кетті, абай болыңыздар. Жылдамдықты асырмаңыздар!", - деп жазған Денис Денски @denski_blog есімді тұрғын.
"Жолдарда кептеліс. Жүру мүмкін емес", - деп шағымданған такчи жүргізушісі Александр Пономоренко.
Синоптиктердің мәліметінше, мұндай ауа райы ертеңге дейін сақталады.