25 мамыр 2018 | 12:39

Қарағандыда төртем дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда облыстық перинаталдық орталықтардың бірінде төртем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда облыстық перинаталдық орталықтардың бірінде төртем дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандылық 32 жастағы Регина Горх төрт баланың анасы атанды. Биыл 4 сәуірде ол үш ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Регина Горх балаларына ерекше есімдер берді: Эмма, Вильгельм, Иоганн, Готлиб. Әйел мен оның балаларын перинаталдық орталықтан әкесі күтіп алды.

Дәрігерлердің айтуынша, Регинаның жүктілігі ауыр өткен. Төрт баланы күткендіктен ол 28-аптада перинаталдық орталыққа жеткізілген. Акушер-гинекологтардың арқасында сәбилер анасының құрсағында жатып, қажетті күш пен салмақты жинады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер бұл әйелдің алғашқы жүктілігі болғанын айтып өтті.

"Сәбилер 4 сәуірде кесір тілігімен дүниеге келді. Балаларды көптен күтті. Біз де қатты уайымдадық. Кез келген неонатаолог бірден төрт баланы аман-есен дүниеге әкелдіре алмайды. Сәбилер уақытына жетпей туылды, салмақтары аз. Ең ірісінің салмағы - 1 келі 890 грамм, сосын 1 келі 760 грамм, үшінші сәби 1 келі 745 грамм, ал төртінші сәби небәрі 1 келі 95 граммен дүниеге келді", - деді Облыстық перинаталдық орталықтың директоры Сәуле Аманбекова.

Сондай-ақ, дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің анасы да ұзақ сауықтырудан өткен. Денсаулығы әлсіреген. Бірақ перинаталдық орталықтың дәрігерлері оның денсаулығын толықтай қалпына келтірген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети