Қарағандыда ҰҚК операциясы: есірткі зертханасы жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда ҰҚК операциясы: есірткі зертханасы жойылды

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағандыда жалға алынған жеке үйдегі синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 24-25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі ер адамды ұстады.

Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 келі астам психотроптық заттар, сондай-ақ, оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.

Зертхана жақын арада құрылған, ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін және сатылымын ашу әрекетінің алдын алды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети