ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2022 | 12:42
Қарағандыда Ұлттық ұланның қаза болған сарбаздарының отбасына 7 миллион теңгеден берілді
Қарағандыда Ұлттық ұланның қаза тапқан сарбаздары марапатталды, олардың отбасына 7 миллион теңгеден берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыда Ұлттық ұланның қаза тапқан сарбаздары марапатталды, олардың отбасына 7 миллион теңгеден берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талдықорған мен Қызылордада тәртіпсіздіктер кезінде Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қаза болғаны айтылды.
"Президент жарлығы бойынша, қарағандылық Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен адалдығы үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері атынан қаза тапқан сарбазардың туыстарына 7 миллион теңгеден берілген.
Айбат Аманов 2003 жылы Атасу ауылында дүниеге келген, Ұлттық ұлан қатарында Талдықорған қаласындағы әскери бөлімде қызмет еткен.
Мадияр Қайсаров 2002 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген, Ұлттық ұлан қатарында Қызылорда қаласындағы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында қызмет еткен.
Зардап шеккендер отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.
Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.
Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады
Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді
5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.
6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.
11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также