Қарағандыда бірнеше күннің ішінде үш бала жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда бірнеше күннің ішінде үш бала жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
11 жастағы Ақарыс Тілеуке мен 10 жастағы Аян Мединов 6 шілдеде Қарағанды облысы Ақтас ауылында жоғалған. Еріктілердің мәліметінше, балалардың жоғалғаны туралы хабарды полицияға әкесі берген. Балалар түске дейінгі уақытта ойнап жүріп, кетіп қалған. Осыдан кейін оларды ешкім көрмеген.
"Балалардың жоғалғаны туралы мәлімет бізге полициядан келіп түсті, себебі біз олармен бірге жұмыс істейміз. Қазір біз еріктілер тобын құрып жатырмыз. Әзірше қанша адам екенімізді айта алмаймын", - деді еріктілердің бірі Андрей Хлащев.
Жоғалған балалардың белгілері: Ақарыс Тілеуке - 2005 жылғы. Бойы 125 сантиметр, арық келген. Шашы ашық реңкті, көзі қоңыр. Жасыл спорттық күрте киген, шалбары қара, футболка мен қара кроссовка.
Аян Мединов - 2006 жылғы. Бойы 110 сантиметр, арықтау келген. Шашы қара, көзі қоңыр. Қара күрте киген, шалбары қара, қара кроссовка.
Мұнымен қатар, тағы бір баланың жоғалғаны белгілі болды. 6 жастағы Дария Пахатаева 4 шілдеде Қарағандыдағы 33-шахта маңында жоғалған. Ол таңғы уақытта үйінен шығып кеткен, оны соңғы рет мектептегі балалар алаңында көргендер бар. Осыдан кейін ол үйіне оралмаған. Туыстары полицияға 6 шілдеде хабар берген. Қыздың белгілері: бойы 110-115 сантиметр. Көзі сұр, шашы ашық, қысқа. Бетінде секпіл бар. Оң иығында ит тістегеннен із бар. Көк джинс, қызыл түсті аяқ киімі болған.