Қарағандыдағы ​​ауруханада дәрігерлер соққыға жығылған: күдікті қамауға алынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы ​​ауруханада дәрігерлер соққыға жығылған: күдікті қамауға алынды видео кадры

38 жастағы ер адам Қарағанды облыстық балалар ауруханасында екі дәрігерге шабуыл жасағаннан кейін екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

38 жастағы ер адам Қарағанды облыстық балалар ауруханасында екі дәрігерге шабуыл жасағаннан кейін екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

"Күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, оқиға 12 маусымда болған. 38 жастағы ер адам баласын қаратуға алып келіп, қабылдау кезінде дәрігерлерді соққыға жыққаны хабарланған болатын. Полицияны олардың әріптестері шақырған. Медициналық қызметкерлерге күш қолдану бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Зардап шеккен дәрігерлер қазір облыстық аурухананың шұғыл нейрохирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Диагнозы: мидың шайқалуы, мұрынның сынуы, көптеген көгерулер мен гематомалар.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауруханаға барып, дәрігерлердің жағдайларын білді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети