Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қарағандыдағы байқауда Серік Сәпиевтің отбасы үздік деп танылды

23 Мамыр 2014, 21:51
0
Серік Сәпиев.  ©Vesti.kz
Серік Сәпиев. ©Vesti.kz

Қарағанды облысындағы "Мерейлі отбасы" байқауында қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің отбасы жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды "Новый вестник".

Енді Серік Сәпиев отбасымен бірге ұлттық байқауға өзінің аймағының атынан түсетін болады.

Серік Сәпиев Мәдениет үйінің сахнасына ата-анасымен, екі кішкентай қызымен, және үшінші баланы өмірге әкелгелі отырған зайыбы Мөлдірмен шықты. Олимпиада чемпионына облыс әкімі таулы аймақтағы "Тас бұлақ" демалыс үйіне жолдаманы өз қолымен табыстады.

"Мен жанкүйер болғандардың барлығына алғысымды білдіремін. Өз отбасымды марапатқа лайық деп санаймын. Біздің отбасымыз бұл жеңіске өте қуанышты. Қала тұрғындарына және қала әкіміне алғысымды білдіремін", - деді Серік Сәпиев.

Сондай-ақ ол  "мен үйде болмаған кезде бізге түсірілім тобы қонаққа келіп, ата-анамнан сұхбат алып кетіпті. Әке-шешем мені боксқа қалай бергендерін, қалай тәрбиелегендерін тілге тиек етіпті. Мен осындай ата-анамның барына мақтанамын. Олар маған тек қана жақсы тәрбие берді. Тек қана маған емес, біздің отбасымыздың барлық мүшелеріне олардың бергені мол. Біз әр істе сабырлымыз, қайырымдымыз, қашанда бір-бірімізге жақсылық тілейміз. Анамыз бізді үнемі тату-тәтті болуға үйретіп отырды. Мен әкенің демеуін, ананың махабатын толық сезінген адаммын" - деді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай