Қарағандыдағы көпқабатты үйде шыққан жарылыстан бір адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы көпқабатты үйде шыққан жарылыстан бір адам зардап шекті

Қарағандыдағы көпқабатты үйде шыққан жарылыс пен өрт кезінде бір адам зардап шекті. Ол 8-қабаттан құлағаннан кейін көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Оның неге секіріп кеткені әлі белгісіз, себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марат Қатпановтың айтуынша, төтенше жағдайдың алдын ала себебі - газ баллоны жарылуы.

Сондай-ақ, көпқабатты үйдің тұрғындары туыстарына, жатақхана мен қонақүйге тұрақтағаны белгілі болды. Үйдің жылумен жабдықтау жүйесінен ақау шықпаған. Әзірге тек электр қуаты жоқ. Ғимарат тексеріледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg)

"Барлық 126 пәтердің тұрғыны эвакуацияланды. Қазір жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Қазір үйде электр қуаты жоқ. Бірақ жылу бар. Жақын арада үй тексеріліп, тұрғындарды қайтару жөнінде шешім қабылдаймыз. Пәтерлерге оралғысы келетіндер қайтып келеді. Қазір жеті пәтердің тұрғыны университет жатақханасында. Жылыту пункттеріндегі адамдардың бір бөлігі, яғни екі автобус - вахтамен жұмыс істейтіндер. Сонымен қатар, автобустарда ыстық тамақ ұйымдастырылған. Төменгі жеті пәтер ғана зардап шекті. Жоғарыны да, төменді де өрт шарпыған жоқ", - деді Қарағанды әкімі міндетін атқарушы Мейрам Кожухов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети