Қарағандыдағы өрттен қаза болған отставкадағы полковник екені белгілі болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өрттен қаза болғандардың бірі зейнетке шыққан полиция полковнигі екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өрттен қаза болғандардың бірі зейнетке шыққан полиция полковнигі екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаза болғандардың бірі отставкадағы полиция полковнигі, Ұлттық ұланның ардагері Ринат Шоқаев болатын. Өрт болған жерден оның әйелі мен ағасының да мәйіттері табылды. Ринат Шоқаев ұзақ жылдар қызмет еткен ІІМ Барімбек Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясының баспасөз қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Бүгін 70 жастағы отставкадағы полиция полковнигі Ринат Шоқаев, оның жұбайы және ағасы қайғылы қаза тапты. Ринат Шоқаев 1987-1997 жылдар аралығында Қарағанды академиясында курс бастығы, одан соң саптық бөлім бойынша Академия бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Қарағанды академиясының дамуына үлкен үлесін қосып, көптеген офицерлерді тәрбиелеп шығарды. Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.
Ринат Кенжебайұлының отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болсын!", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети