ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қазан 2023 | 19:16
Қарағандыдағы шахтада жарылыс: қаза тапқандар саны 33-ке жетті
Қаза тапқан кеншілер саны 33 адамға жетті. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев іздеу жалғасып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаза тапқан кеншілер саны 33 адамға жетті. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев іздеу жалғасып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір Костенко шахтасында 33 кеншінің денесі табылды. Тағы 13-і із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Ақпарат түскен сәттен бастап біз барлық қызметтің әрекетін үйлестіру үшін жедел штаб құрдық. 252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді", - деді аймақ басшысы РСК баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатудытапсырды.
Бас Прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.
Енді "АрселорМитталТеміртау" Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
"Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.
Сондай-ақ, Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также