Қарағандыдағы шахтада жарылыс: қаза тапқандар саны 33-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы шахтада жарылыс: қаза тапқандар саны 33-ке жетті Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қаза тапқан кеншілер саны 33 адамға жетті. Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев іздеу жалғасып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазір Костенко шахтасында 33 кеншінің денесі табылды. Тағы 13-і із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Ақпарат түскен сәттен бастап біз барлық қызметтің әрекетін үйлестіру үшін жедел штаб құрдық. 252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді", - деді аймақ басшысы РСК баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатудытапсырды.

Бас Прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Енді "АрселорМитталТеміртау" Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.

"Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +28
Ақтау +32
Ақтөбе +30
Атырау +32
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +20
П
Павлодар +28
Петропавл +22
С
Семей +25
Т
Талдықорған +29
Тараз +35
Түркістан +26
О
Орал +21
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер