28 қаңтар 2014 10:32

Қарағандыдағы тергеу изоляторында өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қарағанды қаласында тергеу изоляторында өрт шығып, ғимараттан 142 адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Өрт дүйсенбі күні сағат 11.39-да шыққан. "Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданындағы Асфальтті көшесі, 16-үйде орналасқан "АК 159/1" мемлекеттік мекемесінің (тергеу изоляторы) 13-корпусы өртенді. Өрт екіқабатты ғимараттың қоймасынан шыққан", - делінген министрлік таратқан хабарламада. Тілсіз жау сағат 12.25-те ауыздықталып, 12.43-те толық залалсыздандырылған. Өртенген аудан - 25 шаршы метр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. "Өртті ауыздықтауға Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 35 адам және өртсөндіру қызметінің 11 техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Алматының Алмалы ауданында орналасқан тергеу изоляторының асханасы өртенген болатын. Ғимараттың 60 шаршы метрі өртенген еді, төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети