Қарағанды қаласынан Астанаға жарты сағатта ұшып бару мүмкін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2015 жылы ақпанда Алматы - Қарағанды - Астана хабарламасымен республикаішілік әуе рейсі ашылады деп жоспарланды. Рейс аптасына екі рет ұшады, ал келешекте бұл рейс күнделікті ұшатын болады.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаевтың Қарағандыдағы "Сары-Арқа" әуежайына барған кезінде хабарланды. Кездесу барысында "Сары-Арқа" әуежайы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Владимир Безродный бұл рейсті іске асыруға BEK AIR әуе компаниясының серіктес болатынын айтты. Әуежай басшысының айтуынша, Қарағандыдан Астанаға ұшып бару уақыты - 25-30 минут. Ұшу билетінің құны әзірше белгісіз қалып отыр.
BEK AIR компаниясы мен қарағандылық әуежайдың маркетинг қызметінің өкілдері жаңа рейстің ашылуы туралы толық мәлімет осы жылдың ақпан айының басында болатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев "Сары-Арқа" әуежайының бірқатар нысанын, нақтырақ айтсақ, ұшақтарды қауіпсіз қабылдау мен ұшып кетуін қамтамасыз ететін мамандандырылған техника боксын, жанармай құю және аэровокзал кешенін, сонымен қатар, халықаралық және жергілікті ұшып кету-ұшып келу залын қарап шықты.
"Жиналыста жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жетілдіруге, оның ішінде кеден және шекара бақылау аймақтарынан жылдам өткізуге басты назар аударылды. Халықаралық та, облысаралық та қосымша әуе хабарламаларының ашылуының маңыздылығы атап өтілді", - делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.