Қарағандылық анестезиолог-стоматологтың ісі сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Қарағандылық анестезиолог-стоматологтың ісі сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық полици департаментіндегілердің мәліметінше, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іске жауапты ретінде дәрігерге кәсіби міндетін дұрыс атқармады деген айып тағылып отыр.
"Арзамасцевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бүгінгі таңда ҚР қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 300-ші бабына сәйкес прокуратураға тексеріске жіберіліп, 8-ші қаңтарда сотқа берілді. ҚР ҚК 317-ші бабы 3-ші бөліміне сәйкес", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков.
Қылмыстық бап бойынша анестезиолог 5 жылға бас бостандығынан айрылып, 3 жылға дейін медициналық қызметтен шеттетілуі мүмкін.
Еске салайық, былтыр ақпанда Ресейдің екі жасар азаматы Семен Арзамасцев стоматологияда наркоз берілгеннен кейін жағдайы нашарлап, қайтыс болған еді. Дәрігерлер 14 сағат бойы араша түскенімен, ажалдан аман алып қала алмады. Бұл стоматологияда бұған дейін де бала өлімі болған. Наркоз жасалған 12 жастағы Жансая Омарованы да сол кезде күдікті дәрігер емдеген. Әлі күнге дейін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Жеткіншектің өліміне не себеп болғанын мамандардың анықтай алмай отырғанына үш жыл болды. Ал бұл екі іс біріктірілмеген.