Қарағандылық әйел босанғаннан кейін перзентханада қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағандылық әйел босанғаннан кейін 21 күннен соң перзентханада қайтыс болды, - деп хабарлайды "Новый Вестник".

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық әйел босанғаннан кейін 21 күннен соң перзентханада қайтыс болды, - деп хабарлайды "Новый Вестник".

Басылым мәліметінше, Қарағанды тұрғыны Анара Мағзұмова №1 перинаталдық орталықта әпкесі қайтыс болғанын айтқан.

"Менің әпкем Левенко Динара Бекболатқызы 29 сәуірде Қарағанды ​​қаласындағы №1 облыстық перинаталды орталықта "кесарь тілігі" арқылы дүниеге сәби әкелді. Ол ауыр жағдайда және қатты ауруымен үйге қайтарылды. Оның температурасы жоғары болды. Бір күннен кейін оның гемоглобин деңгейі 50-ге дейін төмендеді", - дейді ол.

Оның айтуынша, дәрігерлер шұғыл түрде әпкесінің жатырын алып тастаған. Күн сайын жағдайы нашарлап, босанғаннан кейінгі 21-күні қайтыс болған.

"Әпкем көңілді еді, осы баланы күтіп жүрді, денсаулығына көңіл бөлді. Дәрігерлердің кінәсінен екі баласы анасыз қалды. 6 жастағы үлкен ұлы күнде түнде тұрып: "Анама хабарласыңыздаршы" деп сұрайды", - дейді Анара Мағзұмова.

Бойжеткен әпкесі ұлының туған күнінде қайтыс болғанын айтады. Олар балаға анасы қайтыс болғанын әлі айта алмаған.

"Ол ауруханада жатқан 21 күн ішінде біз дәрігерлерден оның өмірін сақтап қалу үшін шара қолдануды сұрадық. Босанатын әйелде сепсис болғанына ешкім жауап бермеді - СЭҚ та, Медициналық қызмет сапасын бақылау комитетінің департаменті де. Бұл медициналық заңсыздық қашан аяқталады? Егер босану ақысын төлемесеңіз, қан кетіп, қатты ауырып жатсаңыз да, ауруханадан шығарып жібереді!" - деп қосты Қарағанды тұрғыны.

Медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын бақылау комитетінің Қарағандыдағы департаменті №1 перинаталдық орталықта тексеру басталғанын хабарлады. Босанған әйелдің медициналық құжаттары тексеріліп жатыр.

Басылым мәліметінше, "Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer