04 қараша 2021 | 14:58

Қарағандылық азамат сот орындаушысының әрекетіне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қарағанды ​​тұрғыны қарызы өтелсе де елден шығуға тыйымды алып тастамайтын сот орындаушысының әрекетіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​тұрғыны қарызы өтелсе де елден шығуға тыйымды алып тастамайтын сот орындаушысының әрекетіне шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

33 жастағы Мейіржан Саховтың айтуынша, ол қарызды 2013 жылы алған. Алғаш рет оқу үшін қарыз болған, содан кейін несиесін кешіктірген.

"2010 жылы Ішкі істер министрлігінің академиясын бітіріп, полицияға жұмысқа орналастым. Оқуымыз тегін болғандықтан, келісімшарт бойынша құқық қорғау органдарында бес жыл жұмыс істеуім керек болатын. Бірақ өмірлік жоспарларым өзгеріп, 2012 жылдың желтоқсан айында жұмысымды тастап, жеке кәсіппен айналыстым. Келісімшарт талаптарын орындамағаныма байланысты оқуыма жұмсалған ақшаны мемлекетке беруге мәжбүр болдым.

Алайда, сол кездері қаржылық дағдарысқа тап болып, ақшаны қайтара алмадым. Сондықтан менің ісім сот орындаушысына берілді. Кейінірек сол жылдары екі несие алдым, оны да уақытында жаба алмадым. Олардың үстінен де іс қозғап, сот орындаушыларына тапсырды", - деді ол.

Қарағанды ​​тұрғынының айтуынша, ол барлық қарызын 2021 жылдың жазында өтеген. Алайда, осы уақытқа дейін оның ісі бір сот орындаушысынан екіншісіне ауысқан. Олардың әрқайсысы Саховтың елден шығуына тыйым салып, банк шоттарын жауып тастап және басқа да шектеулер қойған.

"Осы жазда мен пәтер сатып алдым, бірақ бұрын салынған шектеулердің кесірінен пәтерді өз атыма тіркеуге құқығым жоқ екен. Сондықтан мен жедел түрде ақша іздеп, қарызды өтедім. Сот орындаушысының комиссиясымен бірге 2,3 млн теңгеге жуық ақша төледім.

Соңғы рет менің ісіммен сот орындаушысы Татьяна Зотенко айналысты. Мен оған түбіртектерді көрсеттім, ол барлық шектеулерді алып тастады. Бірақ бұрынғы сот орындаушыларының шектеуі автоматты түрде алынбады. Сондықтан мен олардың әрқайсысына барып қарызды төлегенімді дәлелдеп, түбіртектерді көрсеттім. Іс жүзінде олардың маған шектеу қоюға құқықтары жоқ еді. Себебі менің ісіммен басқа сот орындаушысы айналысады", - деді ол.

Ер адам мұнда да әлі шешімін таппаған кейбір мәселелерге тап болғанын айтты. Саховтың айтуынша, бұрынғы сот орындаушыларының бірі елден шығуға салынған тыйымды алып тастағысы келмейді.

"Бұл сот орындаушысы менен миллиондаған түсініксіз құжаттарды талап етеді, сөйлесуге шақырады. Мен бұл әрекеттердің неге қажет екенін түсінбеймін. Менің ісімді жүргізген соңғы сот орындаушысы бүкіл шектеулерді алып, неге істі бітірмейді. Менің ісім жасанды түрде созылып жатыр. Оның үстіне, осы шектеуге байланысты банк маған карта ашудан бас тартып отыр. Ал қазір банк картасыз қарапайым дүкеннен нан ала алмайтынымыз белгілі (банк – ред.)", – деп түйіндеді Мейіржан Сахов.

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының хабарлауынша, қазіргі уақытта Саховқа электронды түрде ешқандай шектеулер жоқ. Дегенмен оның мәселесі қағазға салынған шектеулерге байланысты болуы мүмкін.

"Бұған дейін шектеулер қағаз жүзінде болатын. Бірақ қазір Мейіржан Саховқа қатысты электронды шектеулер жоқ. Бұл азаматты борышкерлер тізімінен шығару үшін оның құжаттарын жібердік. Оны тез арада шығарып тастайды", - деп хабарлады Республикалық Сот орындаушылар палатасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети