1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қарағандылық судья ісін сот жюриі қарайды 26 ақпан 2021, 09:30

Қарағандылық судья Естай Исабековтің ісі Жоғары сот кеңесі сот жюриінде қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видео кадры Видео кадры

Қарағандылық судья Естай Исабековтің ісі Жоғары сот кеңесі сот жюриінде қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім шығара алмаған. Енді бұл іспен жоғарғы органдар айналысады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Мейрамханада жүрген судья ісін сот этикасы жөніндегі комиссия қарады.

"Сот этикасы жөніндегі комиссия судья Исабековтің "Рубин" мейрамханасындағы әрекетін қарастырып, ол сот этикасы кодексіне қайшы келетін әрекет жасады деп шешті. Комиссия Қарағанды облыстық сотының жалпы отырысына материалдарды сот жюриіне жіберу туралы мәселені қарау үшін жүгінді", - деді Қарағанды облыстық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судья Еркеш Маукен.  

Қарағанды облыстық сотының судьясы осы кадрлардың арқасында "танымал болған еді".

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков түсірілген видео тараған еді. Видео кадрларынан мейрамханаға мобильді топ келіп, судьяны ұстағанын көруге болады. Видеода ол жағдайды тыныштандырып, тексерушілерден шу шығармауды сұрайды. Сондай-ақ, ол ойын-сауық мекемесінің көрші залында прокуратурлар да отырғанын айтады.

Ресми деректерге сүйенсек, судья Естай Исабеков 1978 жылы туған. Бұрын ол прокуратурада жұмыс істеген. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 2009 жылы Теміртау қалалық сотынан бастаған. Қазіргі уақытта ол Қарағанды облыстық сотының судьясы.

Қарағанды мейрамханасында болған той видеосынан кейін судьяның бауыры жазаланды. Ол ұйымдастырушы болған. Той "Рубин" мейрамханасында судья Естай Исабековтің анасының құрметіне өткені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!