ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет бойынша комитетінің басшысы Гүлжан Қарағұсова алдағы үш жыл бюджетінің уақытында, 1 желтоқсанға дейін қабылданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент кулуарында "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын қабылдауға қатысты сұрақтарға жауап берген Қарағұсова: "Бюджет кодексі бойынша уақыты 1 желтоқсанға дейін. Біз бұл мерзімді сақтаймыз деп нақты айта аламын. (...) Бұл аптада қарап жатқанымызды көріп отырсыздар. Оған объективті себеп бар: Мемлекет басшысы әзірше сапарда. Бюджетті телефон арқылы келісу дұрыс емес деп есептеймін", - деп жауап берді.
Кейбір параметрлері өзгере ме деген сұраққа ол: "Кейбірі, әрине", - деп жауап берді, алайда нақтырақ айтпады.
"Мен ештеңе айта алмаймын, себебі қағаздар маған келген жоқ. Республикалық бюджет комиссиясында бюджеттің жаңа параметрлері әлі болған жоқ", - деді Қарағұсова.
Айта кетейік, бұған дейін алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің теңгенің тұрақсыз бағамына байланысты бекітілмей отырғаны туралы айтылды.