Қарақат Әбден синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтуді сұрады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарақат Әбден синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтуді сұрады Фото:facebook.com/abdenova.karakat

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден синтетикалық есірткіге қарсы күресті күшейтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті қазақстандықтар! Бүгін тағы бір үлкен дертке айналған проблеманы ортаға салғым келіп отыр.
Ұлт болашағына нағыз қауіп төндіретін мәселе - есірткі. Талай азаматтарымыздың санасын улады, тағдырын құртты. Қазір мамандар дабыл қағуда. Осыны естігенде бірден ине ұстаған нашақорларды елестетеміз. Бірақ жағдай одан да күрделі. Қазір синтетикалық есірткінің заманы. Арзан әрі қолжетімді бұл есірткінің зардабы өте ауыр. Есірткіге тәуелді болғандардың арасында жастар көп. Синтетикалық есірткіні қолданатындардың қатарында тіпті мектеп оқушылары да бар. Статистика өте қорқынышты. Нашақорлардың қатары неге жасарып бара жатыр? Осыны бүгін анықтап, әрекет жасамасақ, ертең тым кеш болады. Неге есірткіні сатып алу тым оңай? Құзырлы мекемелер қайда қарап отыр?", - деп жазды ол Facebook-те.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети