20 қыркүйек 2016 | 17:59

Қарақұсова кей санаттағы борышкерлердің несиесін кешіру жайлы ұсынысқа қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлжан Қарақұсова. © Тұрар Қазанғапов Гүлжан Қарақұсова. © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі Комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова коллекторларға азаматтардың кейбір санаттарымен (мәселен Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, кәмелетке толмағандар және жасы келіп, зейнетке шыққандар, апаттар мен төтенше жағдайлардың салдарынан баспанасыз қалған азаматтар) байланысқа түсуіне тыйым салу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі Комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова коллекторларға азаматтардың кейбір санаттарымен (мәселен Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, кәмелетке толмағандар және жасы келіп, зейнетке шыққандар, апаттар мен төтенше жағдайлардың салдарынан баспанасыз қалған азаматтар) байланысқа түсуіне тыйым салу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мына санатты шығарайық, анау санатты шығарайық деген ұсыныстар бар... Біздегі отбасылардың барлығында бала бар. Мәселен, менің балаларымның балалары бар, мен де Азаматтық кодекстегі баптың қызметінен жырақ қалғым келмейді, мәселен маған кімнің келетінін білмеймін, мен болсам реттегіші бар коллектормен байланысқым келеді, мен сол арқылы сотқа жүгіне аламын (...)". Коллекторлармен байланысқа түсетін азаматтардың арасынан белгілі бір санаттағы азаматтарды алып тастайтын болсақ, біз оларды бейбіт заңнамалық реттеу қарым-қатынасынан айырамыз. Егер біз азаматтардың санатын бөліп қарасақ, бұл сол азаматтарға коллекторлар келмейді деген сөз емес. Азаматтық кодекстің құқық талаптарын қайта табыстауын ешкім алып қоя алмайды. Сөйтіп, басқа адамдар келе бастауы мүмкін. Мысалы мен бұл нормамен келіспеймін. Біз зейнеткерлерді шығарып тастамақпыз, ал біздің зейнеткерлер ең адал, олар алған несиесін қайтарады", - деп атап өтті Қарақұсова. 

Қарызды кешуді ол бұрын-соңды болмаған жағдай деп атады. 

"Сонда шығатыны, біз заңға бағынатын адамдарды әрдайым ойлай бермейміз, себебі біз солардың салығының есебінен мәселен ипотекаларды кешіреміз. Біз банктерге Ұлттық қордың есебінен көмектесеміз. Ал бұл қаражаттың барлығы біздікі ғой! Бюджет есебінен көмектессек - ол да біздің қаражат. Ал барлығын кешіре салдық делік, сонда не болады? Кімнің есебінен? Сонда шығатыны біреулер төлемейді, ал біреулер төлейді. Осыдан кейін адамдар "мен не үшін төлеуім керек, мен де солай жүре берейін, менің қарызымды да кешіре салады" деуі мүмкін ғой. Яғни бұл іспен асқан ыждаһаттылықпен, сақ болып айналысу керек", - деп білдірді пікірін депутат.

Сонымен қатар, депутат коллекторлық қызмет туралы заңның айналасындағы дүрлігуді оларды жаман тұсынан көрсеткен ресейлік БАҚ-тардың материалдарының негізінде туған деп есептейді екен. 

"Біз бұл қызметті өркениетті ету үшін, азаматтарымыз әсіресе осындай тұрақсыздық жағдайында сотқа дейінгі, бейбіт түрдегі шешімге келуі үшін қарастырып отырмыз. Егер коллекторлар ереже бұзып жатса немесе өз қызметімен заңсыз айналысып жатса, олар жазаланады", - деп мәлімдеді Гүлжан Қарақұсова.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 46 банкпен жұмыс істейтін 260 коллекторлық агенттік бар.

"Біз коллекторлардың олардың істеген барлық әрекеттеріне жауап беруіне қатысты мәселені реттейміз. Егер де ол заңның талабын бұзатын болса, мемлекеттің оны жазалауға құқы бар. Осы заңдар арқлылы біз коллекторлық агенттіктерді бірыңғай реестрге тіркелуін талап етеміз. Біз оларға талап қоя аламыз. Мысалы, сотталған адамдар коллекторлық қызметпен айналыса алмайды", - деді депутат.

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, азаматтар несие алмас бұрын келісімшарттармен танысымен, ақшаны қайта өтеу керектігін біле отырып, өздерінің мүмкіндіктерін ескеруі қажет. 

"Бұл жерде біраз уақыт керек шығар. Қазір қоғам коллекторлық қызметті бопсалаумен айналысады деп түсінеді. Сондықтан да олар қазір колллекторлардың халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобымен жұмыс істейтінін дұрыс қабылдай алмай жатыр. Бірақ негізінде бұл заңның мақсаты - азаматтардың коллекторлық агеттіктердің қызметіне деген көзқарасын өзгерту", - деді Смоляков.

Ал Гүлжан Қарақұсованың айтуынша, ресейлік ақпарат құралдарының әсер етуінен қазақстандықтарда коллекторлық қызмет туралы жағымсыз пікірлер қалыптасты.

"Ресейлік тәжірибелерге қарағанда, бізде коллекторлық агенттіктер туралы жағымсыз пікір қалыптасқан. Сондықтан да коллекторлар бізге хабарласып, қорқытумен болады. Бірақ бүгінде қоғамдық ұйымдардағы әріптестерім біздегі жағдай Ресейдегімен емес екенін, сондықтан да қазақстандықтар коллекторлар жайлы осындай жағымсыз пікір қалыптасқан", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

"Борышкерлердің 64 пайызы несие алуға жүгінгенде өздерінің мекен-жайы туралы, табысы жайлы, қаражат мүмкіндіктері жайлы мәліметтерді әдейі жасырған. Бұл жерде біз саналы борышкерлер жайлы айтып тұрған жоқпыз. Бізде борышкерлерде несие алғанда мынандай мәдениет қалыптасқан: мен бір жерде біреуді алдағым келеді", - деп қорытындылады сөзін Смоляков.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк өкілдері Қазақстанда азаматтардың кейбір категорияларына байланысты несие ақысын кешіруді ұсынған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети