Қарамағындағыларға бір сағаттан аса уақыт бойы былапыт сөз айтқан ауыл әкімі қазір қайда?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарамағындағыларға бір сағаттан аса уақыт бойы былапыт сөз айтқан ауыл әкімі қазір қайда?

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаев қол астындағыларға бір сағаттан аса уақыт бойы былапыт сөз айтқан Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов қазір немен айналысып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаев қол астындағыларға бір сағаттан аса уақыт бойы былапыт сөз айтқан Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов қазір немен айналысып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың сөзінше, мемлекеттік қызмет агенттігі мерзімі өткеннен кейін теріс қылық үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік беретін олқылықтарды жоюды жоспарлап отыр.

Заңдағы қолданыстағы норма қол астындағыларға бір сағаттан аса уақыт бойы былапыт сөз айтқан Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановқа жазадан құтылуға мүмкіндік берді.

"Бірақ бізде этика жөніндегі комиссия, этика жөніндегі кеңес бар, бұл органдардың барлығы алқалы. Онда біздің өкілдеріміз, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар бар. Осыған байланысты мен қандай да бір кеңес бере алмаймын, себебі бұл этика жөніндегі комиссияның жұмысына араласу болады", - дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаев Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың жұмысын жалғастырып жатқанын айтты. Ол тәртіптік жаза қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тәртіптік іс тоқтатылғанын түсіндірді.

Ол комиссияның ұсынымымен облыс әкімдігіне "олардың басқа әріптестері мұндай теріс қылықтар жасамауы үшін" кейс облыстық әкімдік кеңесінде қарау үшін хат жолданғанын айтты.

Еске салайық, былтыр 23 желтоқсанда Желіде жиналыста қызметкерлеріне 1,5 сағат бойы былапыт сөз айтқан әкімнің аудиосы тарағанын хабарлаған едік. Алайда лауазымды тұлғаға қатысты іс тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети