29 наурыз 2020 15:31

Карантин: Алматыда жүргізушілер үшін бірқатар шектеу енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: confused.com Фото: confused.com

Алматы қаласында жүргізушілер көлікке бетперде киіп отыруы тиіс, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласында жүргізушілер көлікке бетперде киіп отыруы тиіс, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, арнайы қызмет көрсететін жеңіл көлікте екі адамнан артық жолаушы болмауы керек.

Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирус инфекциясының белең алуына жол бермеу мақсатында қала аумағында 2020 жылдың 6 сәуірі сағат 00.00-ге дейін қала ішінде адамдардың және көліктердің қозғалысына бірқатар шектеу енгізілді.

Қалада ресми тіркелген такси қызметі де жұмыс істей береді. Бірақ оларға арнайы талап қойылады.

"Арнайы қызмет көрсететін жеңіл көлікте жүргізушіні қосқанда, екі адамнан артық жолаушы болмауы керек, жолаушылар бір-бірінен өте алшақ отыруы үшін олар шахмат тәртібімен (қиғаш) орналасуы тиіс. Жеңіл көліктер жеке қорғаныс құралдарымен (медициналық бетпердемен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі қажет. Жүргізуші міндетті түрде бетперде киіп отыруы тиіс", - делінген қалалық тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети