Карантин ережесін бұзған әрбір оныншы тұрғынға айыппұл салынады - Алматының бас полицейі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантин ережесін бұзған әрбір оныншы тұрғынға айыппұл салынады - Алматының бас полицейі

Алматыда төтенше жағдай режимін бұзған әрбір оныншы тұрғынға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда төтенше жағдай режимін бұзған әрбір оныншы тұрғынға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Тәймерденов Instagram желісінде жүргізілген тікелей эфир барысында айтты. 

Оның айтуынша, полицейлер тұрғындардың барлығына айыппұл салып жатқан жоқ.

"Біз төтенше жағдай режимін бұзған он адамның біреуіне ғана айыппұл саламыз. Бастапқыда халықпен түсіндірме жұмысын жүргіземіз. Бірақ егер де ол ережебұзушылық қайталана берсе, яғни ол адам қайта ереже бұзса, оған айыппұл салынады", - деп түсіндірді ол.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда көшеде себепсіз жүргендерге айыппұл салына бастағаны хабарланған болатын. Полицейлер себепсіз сыртта жүрген 105 адамның жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Олардың 55-іне айыппұл салынған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети