“Карантин және бетперде тағу“: Денсаумин қазақстандықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Карантин және бетперде тағу“: Денсаумин қазақстандықтарға ескерту жасады Фото ©️ Турар Казангапов

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде COVID-19-ға байланысты жаппай шектеулер енгізілгені туралы тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде COVID-19-ға байланысты жаппай шектеулер енгізілгені туралы тараған ақпарат жалған екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап барлығына карантин шектеулері мен бетперде тағу режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің м.а. қол қойған қаулыда эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтіні түсіндіріледі. Мәселен, осы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталады.

"Бетперде тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне ғана енгізіледі", - деп атап өтті комитет.

Ведомство мәліметінше, коронавирус инфекциясы бойынша жағдай бақылауда.

"Жалған ақпарат таратқан тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, біз азаматтарды ресми ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети