1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Карантин қатаңдайды". Желіде жалған ақпарат тарады 17 маусым 2021, 17:52

WhatsApp мессенджерінде "Хабар" телеарнасының жаңалықтар шығарылымынан үзінді таралып жатыр. Жүргізушілер 20 және 21 маусымда елде карантиндік
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видео кадры. Фото: stopfake.kz Видео кадры. Фото: stopfake.kz

WhatsApp мессенджерінде "Хабар" телеарнасының жаңалықтар шығарылымынан үзінді таралып жатыр. Жүргізушілер 20 және 21 маусымда елде карантиндік шаралар күшейтілетінін, ірі сауда үйлерінің жұмысына және қалалық көлік қозғалысына тыйым салынатынын мәлімдеген, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Шын мәнінде, бұл сюжет былтыр жаз мезгілінде 18 маусымда жарияланған.

Роликте айтылған ақпарат бүгінде өзекті емес. Елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқандықтан, алдағы уақытта карантин шараларын қатаңдату жоспарланбаған.

"Қазақстандағы жағдай тұрақты және бүгінде карантин шараларын қатаңдату мәселелері көтерілген жоқ", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бүгінде КВИ сырқаттанушылық деңгейі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ғана "қызыл аймақта" тұр. Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "сары" аймақта. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!