Карантин кезінде тойда жүрген полицейлердің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантин кезінде тойда жүрген полицейлердің видеосы тарады

Құқық қорғау органдарының өкілдері тойда жүрген полицейлердің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органдарының өкілдері тойда жүрген полицейлердің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы видеоға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді.

Мұның алдында Желіде карантин кезінде той тойлап жүрген полицейлердің видеосы тараған еді.

"Осы жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Тексеру барысында 12 маусымда Түркістан облысы Төле би ауданындағы демалыс аймағында карантин кезінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Шымкент полиция департаментінің жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің бірі, сондай-ақ оқу орталығының және өңірлік Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы басшылары қатысқаны анықталды. Барлық лауазымды тұлғал мемлекеттік қызметшінің этикалық кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді полицейлер.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі той өткізген демалыс аймағының әкімшілігіне айыппұл салынатынын айтты.

Ведомство мәліметінше, видеоны зерттеу барысында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігінің бойынша ережебұзушылық жасалғаны анықталған (мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды тұлғалар), Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өз құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау).

"Санитарлық дәрігерлер демалыс аймағының әкімшілігіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар қажет шешім қабылдау үшін Төлеби аудандық сотына жіберілді", - деді облыстық полиция департаментіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети