Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда - Тоқаев Фото: Әлихан Сариев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимі сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимі сақталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда", - деп жазды Президент Twitter желісінде.

Бұған дейін Алматыда, Нұр-Сұлтан және бірқатар қалада карантиннің жеңілдейтіні хабарланған болатын.

Алматыда 25 мамырда сауда және ойын-сауық орталықтары мен жазғы кафелер іске қосылады. Атап айтқанда, СҮ, СО, СОО аумағында орналасқан азық-түлік емес бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазарту және мейрамханалар қызметін бастайды. Кейбір қонақүй де жұмыс істейді. Алайда бұл хостелдерге қатысты емес.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети