Карантин режимінің бұзылуы: елордалық 8 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карантин режимінің бұзылуы: елордалық 8 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды Фото: astana.gov.kz

Елордалық мекемелер ескертулерге, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына қарамастан карантин режимін елемей, бір уақытта ондаған, тіпті жүздеген келушілерді қабылдауын тоқтатар емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық мекемелер ескертулерге, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына қарамастан карантин режимін елемей, бір уақытта ондаған, тіпті жүздеген келушілерді қабылдауын тоқтатар емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Өткен тәулікте, яғни 3 шілдеде олар 8 кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. 

Есіл ауданындағы BHB клубын тексеру кезінде 500 келуші болған, сонымен қатар мекеме белгіленген уақыттан кейін жұмыс істеген. Жұмыс режимін Bao bao караоке-клубы да бұзды.

Сарыарқа ауданында түн ортасынан кейін "Ретро" кафесі, Respawn компьютерлік ойын клубы жұмыс істеген. Сондай-ақ, белгіленбеген уақытта "Ас" асханасы мен PS4 Elclasico ойын клубы жұмысын жалғастырған, онымен қоса мұнда түнгі уақытта кәмелетке толмаған 5 бала болды. Сонымен қатар, мекемелерде келушілер саны бойынша шектеулер сақталмады.

Алматы ауданында орналасқан коттедждердің бірінде қатаң тыйым салынғанына қарамастан үйлену тойы өтті. 

Байқоңыр ауданындағы "Сhocolate" сұлулық салоны да жұмыс режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети