20 наурыз 2020 15:44

Карантиндегі өмір. Онлайн-сервистер коронавирустың таралуын азайтуға қалай көмектеседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Онлайн-сервистер күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Алайда адамдардың алдында таңдау бар: қызметті интернет арқылы қолдану керек пе әлде дәстүрлі түрде алған дұрыс па?


Онлайн-сервистер күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Алайда адамдардың алдында таңдау бар: қызметті интернет арқылы қолдану керек пе әлде дәстүрлі түрде алған дұрыс па?

Офлайнды әртүрлі себепке байланысты таңдайды: онлайн қызметтердің қалай жұмыс істейтінін зерттеп көргісі келмейді, адамдармен бетпе-бет сөйлесу ұнайды, тағы басқа көптеген себептері бар. Алайда COVID-19 коронавирусының пандемиясы кезінде "адамдар бір-бірімен аз араласуы керек" деген ескертуден кейін онлайн режимді жалғыз "дұрыс жол" ретінде таңдау ғана қалды.

Бір-ақ сәтте әлеммен байланысқа шығу мен күнделікті өмір қозғалысын сақтаудың жалғыз тәсіліне айналған интернет платформалар қандай мүмкіндіктерді ашты? Әлемдік және қазақстандық тәжірибені қарастырамыз.

1. Оқу

COVID-19 адамдардың шоғырланғанын "ұнатады", сондықтан үкімет мектептер мен басқа да оқу орындарын жапты. Алайда оқуды жалғастыру керек емес пе?

IT-компаниялар бұған дайын болып шықты, сабақты онлайн режимде оқуға мүмкіндік бар. Ресейлік 1-5 сынып мұғалімдері наурыздың соңынан бастап орыс тілі мен математикадан "Яндекс" платформасында видеосабақ өткізіп, өткен дәрістерді қашықтан тексере алады. 1 сәуірден бастап  IT-компания 5-11 сыныптар үшін видеодәрістерді іске қосады.  "ВКонтактеде" оқушылар мен студенттерді жабық қауымдастыққа біріктіріп, чат ашып, оқу материалдарын салып, тікелей эфир түрінде онлайн дәріс өткізуге болады.

Қашықтан дәріс өткізуге "Одноклассники" желісінің концеренц-байланысын немесе ондаған оқушыға сабақ өтуге болатын Zoom-ды пайдалануға да болады.

"Радио Арзамас" 15 сәуірге дейін барлық курстары мен подкаст, лекцияларын тегін оқуға мүмкіндік берді.  GeekBrains порталында карантин кезінде бағдарламалау, дизайн, басқару мен марктетинг бойынша курстан өтуге болады. Ең танымал білім платформаларының бірі - Coursera 3,8 мың онлайн курсты ашық деп жариялады. 

2. Көңіл көтеру

Концерттер мен театрларға барғанды жақсы көретіндерге де онлайн сервистер көмектесе алады. Қазақстандық ARTиШОК театры жаңа жағдайға бейімделіп, "Ер-Төстік" операсын тікелей эфирде көрсетті. Оның жазбасын наурыздың соңына дейін көруге болады. Веналық опера (Wiener Staatsoper) staatsoperlive.com платормасы арқылы бүкіл әлемге ең үздік спектакльдерін тегін көрсете бастады. Doing Great Agency STAY арқылы концерттерінің тікелей көрсететінін хабарлады. Платформа бұқаралық шараларға тиым салған кезде әртістерді қолдау үшін жасалған.

Онлайн-кинотеатрлар да қазір қатты сұранысқа ие. Okko және ivi видеосервистері  коронавирустың таралуынан үйінде, карантинде қалғандар үшін барлық контентін ашық жасады.

3. Оқу

Storytel аудиокітаптар қызметі кітапханасы мен жеке подкастарын бір ай тегін оқып, тыңдауға мүмкіндік берді. "Альпина" баспасы оқырмандарын қиын уақытта қолдау үшін сәуірдің соңына дейін 70 электроны кітабын ашып қойды. "Литрес: Библиотека" жобасы "Литрес" және электронды, аудиокітаптар тізбесіндегі 50 мың туынды тегін оқуды ұсынды.

4. Жұмыс істеу

Қашықтан жұмыс істеу түрлі пікір мен тәжірибелерге арқау болып келген. Алайда COVID-19 өз дегенін жасап, барлығын үйде отыруға мәжбүрледі. Сондықтан қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін платформалар жаңа жағдайға бейімделуге үйрете бастады.

Бизнесе арналған "Битрикс24" платформасы енді 12 қолданушыға дейін ғана емес, барлық қызметкерлерге тегін болды. "Бизнес үшін mail.ru" 19 наурыздан бастап компанияларға Myteam мессенджерін тегін ұсынады және Teambox бұлтты қоймасының тегін мүмкіндіктерін көбейтті.

Google мен Microsoft та өнімдерін тегін ұсынды. Енді Google-дың G Suite пен G Suite for Education өнімдері 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін бүкіл әлем бойынша тегін.  Ұйымдар стрим, конференц-кол өткізіп, видеокездесулерді жазып, сақтай алады. Microsoft өзінің  Microsoft Teams өніміне тегін видеобайланысты қосты, бір мезетте кіретін қолданушылар санын да шектемейтін болды.

5. Қаражатты басқару

Коммуналдық қызметті онлайн сервистердің көмегімен төлеуге болатынын әлі білмейсіздер ме? Дәл қазір үйренетін уақыт. Бұл қызмет заманауи төлем жүйелерінің маңызды бөлігіне айналғалы қашан?! Әлемде офлайн бөлімшелері жоқ банктер бар. Мысалы: ресейлік «Тинькоффтың» бөлімшесі жоқ. Өкілдік желілері арқылы елдің кез-келген аумағына өнімдерін жеткізе алады. Ал клиенттері қаржы қызметтерін ұялы қосымша немесе сайт арқылы алады.

Интернеттің дамуының арқасында көптеген банктер классикалық банк түсінігінен арылды. Олар клиенттерге жеке шығынын сараптап, жоспарлауға, салымдарын инвестициялауға, бонус алып, аударым жасауға, киноға билет сатып алуға және басқа да көптеген қызметтерге мүмкіндік береді. Әлемде және Қазақстанда маркетплейс - тінтуірді бірнеше шертіп-ақ үйден шықпастан тауарға тапсырыс беріп, алуға болатын цифрлық супермаркет ретінде дамып отырған табысты банктер бар. 

6. Мемлекетпен байланыс

Коронавирус Эстония үкіметін пандемиядан зардап шеккен кәсіпкерлермен мемлекетті байланыстыру үшін цифрлық канал жасауға мәжбүрледі. Арнайы каналда жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар жарияланып, жаңарып тұрады. Жалпы сұрақтардың аясына сыймайтын мәселелері бар кәсіпкерлер арнайы e-mail арқылы жолдап, мәселесін шеше алады. Бизнесмендерге Zoom платформасы арқылы вебинар өткізіп, жаңа ақпараттар беріледі, арнайы мамандар сұрақтарына тікелей эфирде жауап береді.  

Қазақстандықтардың, жене кәсіпкерлердің де, жеке тұлғалардың да жолы болды: біз бірнеше жылдан бері мекен-жай анықтамасын алу, жүргізугі куәлігін ауыстыру,  балабақшаға кезекке тұру, ЖК ашу, түрлі қызметтерге лицензия алу және т.б. үшін мемлекетпен  egov.kz арқылы байланысамыз.

7.  Туыстар мен достармен байланыста болу

Танымал WhatsApp мессенджеры қолданушыларының туыстары, достары, әріптестерімен қашықта отырғанда WhatsApp-ты қолданып, байланысты қалай үзбейтіні туралы оқиғаларын жариялауда. Италияның Марке аймағындағы қарттар үйінің әкімшілігі карантин кезінде қарт адамдарға туыстарының келуіне тиым салған. Алайда WhatsApp орнатылған планшет арқылы қарт адамдар видеобайланысқа шығып, туыстарымен сөйлесіп, олардың қолдауын сезіне алады.

8. Денсаулық сақтау

Интернет фитнес-индустрияны баяғыда-ақ өзгертті: видеоқызметтер арқылы жаттықтырушылардың жеке кеңестерін үйден шықпай-ақ алуға болады. Жаттықтырушылар жаттығушыларды бақылай алады, адамдар  YouTube-арналарды көру арқылы жеке жаттығуын жасай алады. Пандемия кезінде спорт клубтары жаттығуды онлайн жасап, қашықтан қызмет көрсетуге көшеді деп кім ойлаған?! Қазақстандық Golden Eagle кроссфит-клубы өз клиенттерін видеоконференция түрінде жабық арна арқылы жаттықтыра бастаған. Олар бұл арқылы клуб алаңын ұлғайтпастан, клиенттік базасын ұлғайта алды. Жаттығуға Қазақстанның тіпті әлемнің кез-келген нүктесінен қосылуға болады. 

9. Манталды денсаулықты сақтау

Интернетке қосылған смартфон, ноутбуктар адамдардың жүйкесіне әсер етуші ғана емес, бұдан қорғаудың да құралы болып отыр. Онлайн психотерапия сервистері карантин кезінде жақсы көмекші. Америкалық психологиялық қауымдастықтың мәліметінше соңғы жылдары АҚШ-та психологтар кеңес беретін ондаған сайт пен қосымша ашылған. Онлайн терапияға маманданған компаниялардың бірі TalkSpace-тің миллиондаған қолданушысы бар. Мұндай компаниялар батыста да бар -  7 Cups of Tea, Breakthrough, Lantern, American Well. Мұндай жобаларды орыс тілді кеңістіктен де табуға болады: "Контакт", YouTalk, "Ясно".

 …Ал коронавирустың өзін енді онлайн бақылауға болады. Мысалы: Яндекс COVID-19 таралуын көрсететін онлайн картаны іске қосты. Әр мемлекетте ауырғандар санын көруге болатын бұл картаға қарап коронавирустың онлайнды белсенді түрде дамыту маңызды екенін дәлелдегенін сезесіз. Интернет сервистер өмірді жеңілдетіп қана қоймай, кей кезде өмірді сақтауға да көмектеседі.

 Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети