Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев фермерлер ұсынған стандарттарды салыстыру және ғарыштық мониторинг нәтижелері туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев фермерлер ұсынған стандарттарды салыстыру және ғарыштық мониторинг нәтижелері туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Facebook желісінде министр gosagro.kz сайтын субсидиялаудың жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін сынаушыларға жауап берді.
"Иә, ЕГИСС жүйесінде шешуді қажет ететін техникалық мәселелер бар, бірақ Gosagro.kz жүйесі жұмыс істеп тұр. Көбінесе кедергі өтініш берушінің деректерін растауға қатысты жаңа тәсілі болып отыр", - деді министр.
Ол енді фермерлер бұрынғыдай егіс алқабының көлемін "көзмөлшермен өлшеп", шекарасын қолмен сыза алмайтынын айтты. Себебі, деректердің дұрыстығын ғарыштық мониторинг (КГС) – егістік карталарын растайтын болады.
"Ал шаруалар жерлерін дереу ретке келтірулері керек. Жерді игермегендерге осы бастан кірісуіне кеңес беремін. Және маңыздысы бұрынғы Qoldau жүйесімен жасалған жұмыстарға жүргізілген талдау сәйкессіздіктерді анықтап отыр. Мысалы, бірқатар фермерлік шаруашылықтардың пайдаланып отырған жері қолмен сызып, "көзмөлшермен өлшей" салған көлемнен әлдеқайда аз болып шыққан", - деді министр.
Ол фермердің шын мәнінде, 500 гектар жері болғанмен, ескі жүйе арқылы қолмен 1000 гектар деп көрсетіп, яғни субсидияны өзіне тиесілі мөлшерден артық алып алуы мүмкін екенін айтты.
"Qoldau жүйесінде кездесетін тағы бір өрескел заң бұзушылық - фермер қолмен енгізген егістік карталарындағы жерлер іс жүзінде тіпті игерілмеген. Яғни субсидияны пайдаланып алған тұқым, тыңайтқыш, пестицидтар көрсетілген егіс алқабына қолданылмаған. Мұның бәрі әрине, агроөнеркәсіп кешеніндегі барлық көрсеткіштерден көрініс табады. Бөлінген қаржы көп, бірақ құмға сіңген су сияқты", - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, электрондық шот-фактурамен өтініш беру үшін оны сатушымен бұғаттау керек.
"Осылайша, субсидия алғаннан кейін кері қайтарып алу қаупі толығымен алынып тасталады. Егер бұрын шаруа бір ғана шот-фактурамен мемлекеттік қолдауға бірнеше рет өтініш бере алған болса, енді Gosagro жүйесінде ондай қулық жүрмейді. Qoldau жүйесінен осындай да фактілер анықталды", - деп жазды ол.
Ол өңірлердегі кейбір мамандардың стандарттарды бекітіп үлгермейтінін жасыру үшін Gosagro.kz порталында проблемалар туралы өтірік айтатынын түсіндірді. Енді нормаларды тек 7 облыс қана бекітті. Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе және Жетісу облыстары бойынша ғана өтінім түсіп жатыр.
"Сондай-ақ, нормативтерді бекітпеген облыстардың Ауыл шаруашылығы басқармаларының кейбір мамандары тыңайтқышқа өтінім беру мүмкіндігінің жоқтығы туралы шаруалар мен журналистердің сұрағына жауап бергенде мәселені порталға қарай сілтей салады екен. Шын мәнінде, Gosagro.kz порталы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Басқармалар нормативті әлі бекітпегенін мойындағанның орнына барлық айыпты жүйеге және министрлікке жаба салуды жөн көреді. Әріптестер, бұған қанша уақыт кететінін еске салудың қажеті жоқ шығар, сондықтан қажет нормативтерді бекіту процесін жылдамдатқаныңыз жөн", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!