Кәрім Мәсімов Порошенкомен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәрім Мәсімов Порошенкомен кездесті © kazpravda.kz

8 қазанда Астанада Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Украина президенті Петр Порошенкомен кездесті, ол Қазақстанға ресми іссапармен келген болатын. Бұл туралы республика премьер-министрінің сайтында хабарланды, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелерінің, оның ішінде сауда-экономикалық саланың, отын-энергетикалық және агроөндіріс кешендері туралы мәселенің талқыланғаны айтылады. 

Украина Президенті Қазақстанға ресми іссапармен келді. Еске салайық, 9 қазанда Порошенко мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездеседі деп күтіліп отыр. Ақорданың мәліметінше, президенттер екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети