Кәрім Мәсімов жаңа спорт ұйымының президенті болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәрім Мәсімов жаңа спорт ұйымының президенті болып тағайындалды

Кәрім Мәсімов жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәрім Мәсімов жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

26 қарашада Астанада Rixos қонақүйінде өткен отырыс барысында Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлері бойынша аккредитациядан өткен спорттық Федерациялар жаңадан құрылған жауынгерлік өнер ассоциациясының қарамағында болатыны шешілді.  

Шараға аккредитациядан өткен спорт түрінің 20 өкілі қатысты. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы төрағалық етті. 

Отырыс барысында президент сайлаудан бөлек, спорттық ұйымның басқарушы мүшелері тағайындалды. Бірінші вице-президент болып Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы тағайындалы, ал бас хатшы - Аманқұлов Фархат Әменұлы. 

Жауынгерлік өнер ассоциациясының вице-президенттері қатарында Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы, Жошыбаев Рапиль Сейітқанұлы, Найзабеков Тәжімұрат Толыбайұлы және Жарасбаев Серік Маратұлы бар. 


Астанадағы Rixos қонақүйіндегі отырыстың мүшелері. © abctv.kz

Ассоциация төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: каратэ, күрес, барлық дене мүшелерімен айқасуға рұқсат етілген спорт түрлері, ММА аралас жекпе-жектері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети