25 қараша 2014 | 15:00

Каримов Ауғанстанның радикалдануынан қауіптенеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Өзбекстан президенті Ислам Каримов халықаралық коалицияның әскери контингенті шығарылғаннан кейін Ауғанстанның радикалдануынан қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан президенті Ислам Каримов халықаралық коалицияның әскери контингенті шығарылғаннан кейін Ауғанстанның радикалдануынан қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол Ауғанстандағы бітімгершілік күштерін шығару процесінің жеделдетілуі күтпеген нәтижелерге ұрындыруы мүмкін деп мәлімдеді. 

"Бұл кері нәтижелерге, яғни шиеленістің күшеюіне, террористік күштердің одан сайын белсене түсуіне, азаматтық соғыстың жаңа кезеңінің тұтануына әкеліп соғуы мүмкін. Мұның бәрі Иракта бүгін болып жатқан жағдайларға да әкеліп соғуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды, АҚШ пен оның одақтастарының жасақтары шығарылғаннан кейін бүгінде Ирак пен Сирия аумағында болып жатқан оқиғаларды көріп отырмыз. Яғни бұл аумақтарды ғана бақылап қоймай, қоршаған аумақтарға, ең алдымен мұсылман әлеміне ықпалын таратып жатқан ислам фанат күштері қауіпті түрде кеңейіп жатыр", - деді Каримов Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізген келіссөздерден кейінгі брифингте.

Ол айтылған жайттан сабақ алуға шақырды. Каримов келіссөздер барысында әлемдік саясат пен экономикада болып жатқан терең және әрқилы процестер, ұлғайып жатқан шиеленістер, қақтығыстар, ауған мәселесінің шешілмеуі, Ауғанстаннан бітімгершілік коалиция күштерін шығарудың жеделдетілуінің адам айтқысыз салдарлары Орталық Азия өңірі мен одан жырақ аумақтарда қауіп пен тұрақсыздықтың өршуіне әкеліп соғуы мүмкін екенін айтты. 

"Бүгінде ауған мәселесін шешудің бұрын болған, ұзақ дайындалған, бұрынғы президент Карзай ұзақ уақыт қол қоймаған амалы бұл жоспарды іске асыруға мүмкіндік бермеді, енді ол жоспар жаңа мүмкіндіктерді тауып отыр. АҚШ президенті Ауғанстанда қалатындардың саны 10-12 мың емес, одан да көп - 90 мың шамасында болатыны туралы жарлыққа қол қойды. Бұл бұрыннан бүге-шігесіне дейін белгілі болған кейбір жоспарлардың өзгеріп жатқанын тағы бір айғақтайды", - деді Ислам Каримов Назарбаевпен кездесуі кезінде. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети