Қарин АҚШ Мемхатшысының орынбасарымен кездесті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
akorda.kz akorda.kz

Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеямен кездесті.

Ерлан Қарин елімізді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жүйелі жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалар туралы айтып берді.

Соның ішінде, Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елді жаңартуды көздейтін ұзақ мерзімді бағдардың және жалпы саяси жаңғыру үдерісінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Ол билік тармақтары құзыреттерінің барынша тиімді тепе-теңдігін қалыптастыру, көппартиялы жүйені, азаматтық қоғам институттарын және адам құқығын қорғау саласын одан әрі дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының негізгі бастамаларына тоқталды.

Узра Зея Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық бастамаларына АҚШ-тың қолдау білдіретінін жеткізді. АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстанның демократиялық үдерістерді одан әрі ілгерілету жолындағы іс-әрекетіне алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға ықыласты екенін танытты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro