Қарин ЕҚЫҰ байқаушыларымен сөйлесті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшылығымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сайлауды байқау жөніндегі миссиясының басшылығымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин ЕҚЫҰ байқаушыларының қысқа мерзімді миссиясының басшысы Ирен Хараламбидеспен және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Рейнхольд Лопаткамен кездесті.

Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды саяси реформалардың шеңберінде сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістер жайында айтты. Қазақстандағы Парламент сайлауына дайындық және оны өткізу барысын толыққанды бақылау үшін барлық жағдай жасалған. Сайлау процесін ЕҚЫҰ-ның халықаралық байқаушыларының бақылап отырғаны оның ашық және жария өтіп жатқанын көрсетеді.

Өз кезегінде, Хараламбидес пен Лопатка Қазақстанның демократиялық даму жолына қолдау білдіретіндерін атап өтіп, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының депутаттары елімізде қолға алынған реформалардың аясында іске асып жатқан барлық негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациясын ерекше ықыласпен бақылап отырғанын жеткізді.

Құрамында 80-ге жуық парламентші бар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының делегациясы 19 наурыз күні өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау үшін елімізге келді. Бұл ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 1994 жылдан бері Қазақстандағы сайлауды байқауға келген он екінші миссиясы екенін атап өткен жөн.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer