02 қыркүйек 2022 | 15:27

Қарин Қазақстандағы саяси жүйені қайта жаңғырту туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/erlankarin2019 Фото:instagram.com/erlankarin2019

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанның саяси жүйесін қайта жаңғырту қалай жоспарланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанның саяси жүйесін қайта жаңғырту қалай жоспарланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қариннің айтуынша, Президенттің кезекті Жолдауы ел тарихындағы түбегейлі жаңа саяси белесті ашады.

"Мемлекет басшысы билік жүйесіне сапалы жаңа стандарттар қояды. Бұл ең маңызды саяси шешімдерді қабылдаудағы барынша ашықтық, үнемі жаңару, ашық бәсекелестік.

Президенттің бүкіл сайлау кестесін жария ету туралы шешімі Қазақстанның саяси тәжірибесі үшін бұрын-соңды болмаған қадам.

Бүкіл сайлау циклінің басталуы саяси жүйемізді түбегейлі қайта жаңғырту қажеттілігінен туындап отыр және маусымдағы референдумда азаматтардың көпшілігі қолдаған конституциялық реформаның логикасына толығымен сәйкес келеді", - деп жазды мемлекеттік кеңесші Telegram-арнасында.

Ерлан Қариннің пікірінше, алдымен президенттік сайлауды, одан кейін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауды дәйекті түрде өткізу елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті және стратегиялық міндеттерін шешуге назар аударуға мүмкіндік береді. Яғни, елді жаңғыртудың жинақталған қарқыны үзілмейді, деді ол.

"Мерзімінен бұрын сайлау өткізудің маңызды факторы - геостратегиялық шиеленіс пен әлемдік экономиканың турбуленттілігінің артуы. Әлемдік процестердің даму динамикасының болжауға болмайтындығы жекелеген мемлекеттер үшін ғана емес, сонымен қатар тұтас өңірлер үшін де тәуекелдер мен сын-қатерлерді еселейді.

Кешегі Жолдаудың тағы бір орталық бастамасы – Мемлекет басшысының Президенттің өкілетін қайта сайлану құқығынсыз 7 жылға бір мерзіммен шектеу туралы ұсынысы. Бұл ұсыныс мұқият ойластырылған шешім, оны Парламент мақұлдаса, Қазақстанның саяси жүйесінің болашағын айқындайды", - деп қосты Қарин.

Сонымен қатар, мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, бір адамның 7 жылдық мерзімге ғана Президент болып сайлануы қазір Қазақстанның алыс-жақын ортасында ешбір прецеденті жоқ саяси жаңалық. Бір реттік президенттік норма ең алдымен саяси жүйені ұзақ мерзімді тұрақтандыруға, билікті монополияландыру тәуекелдерін жоюға және демократияның негізгі қағидаттарын нығайтуға бағытталған, деп қосты Ерлан Қарин.

Енгізіліп жатқан аралас сайлау жүйесі аясында бір мандатты округтер бойынша сайлау елдегі саяси мәдениетті көтерудің маңызды факторы және жергілікті жерде азаматтардың мүддесін айқындаудың қуатты құралы болады деп есептейді Ерлан Қарин.

"Сайлау заңнамасы жақын арада жаңа ережелер бойынша жұмыс істейді. Саяси партияларды тіркеу процедурасы жеңілдетіліп жатыр, бұл бүгінде жаңа партиялардың, саясатта жаңа тұлғалардың пайда болуына, саяси бәсекелестіктің күшеюіне ықпал етіп жатыр.

Биліктің өкілді органдарының жаңаруы, Мәжіліс пен мәслихаттарды құрудың жаңа принциптері атқарушы вертикалды – Үкімет пен әкімдіктерді кешенді қайта құрумен тығыз байланысты. Болашақта Үкімет құрамына ең көп дауыс жинаған партияның өкілдері ғана емес, басқа парламенттік партиялардың өкілдері де кіреді", - деп қосты ол.

Жалпы, Қариннің айтуынша, Жолдауда айтылған барлық саяси бастама "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" мемлекеттік құрылысымыздың негізгі формуласын жан-жақты нақты мазмұнмен толықтырады.

"Жаңа реформа бүкіл саяси жүйені қайта бастауға мүмкіндік беретін сайлау циклін бастайды", - деп түйіндеді мемлекеттік кеңесші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети