Қарин Президенттің көк паспорт туралы айтқан ойына пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарин Президенттің көк паспорт туралы айтқан ойына пікір білдірді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сарапшылар форумында Қазақстанның саяси трансформациясы тақырыбында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сарапшылар форумында Қазақстанның саяси трансформациясы тақырыбында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір қуатты институттық реформалар жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі күшті институттарды қалыптастыруға тиіс. Бірақ құндылықтарды қалпына келтірмей бұл мүмкін емес, бұл өзара байланысты процестер.

Сондықтан жаңа этика мен жаңа құндылықтарды насихаттау қажет. Президенттің өңірлерге жасаған іс-сапарларында осыған баса назар аударып, еңбек культін, білімнің маңыздылығын, өзара көмек пен ынтымақ құндылығын дәріптеп отыруы бекер емес.

Сондай-ақ, Президент ұлттық бірегейлікке деген жаңа көзқарасты қалыптастырды, оның басты белгісі – көгілдір төлқұжатымыз", - деді ол өз сөзінде.

Қарин Президенттің көк паспорт туралы сөзінде азаматтық бірегейлікке қатысты патриоттық жайлы ой бар екенін айтты.

"Осылайша, Мемлекет басшысы жаңа тұжырымдамалар мен тың идеологияларды талқылауға шығарып отыр", - деп түйіндеді ол.

Тоқаев: Қазақстан паспорты - әділдіктің символы

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети