ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 79 миллиард теңгеге пантеон салуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 79 миллиард теңгеге пантеон салуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жоба-смета құжаттамасы жасалып жатыр, бірдеңе айтуға ерте. Соған қарағанда, бұл сарапшылық бағалау, біз әлі құжаттамасын көрмедік. (...) Бізде жоба-смета құжаттамасы жоқ. (...) Құны 79? Біздің сараптамаға құжаттама келген жоқ. Әкімдікте талқылау жүріп жатыр. Біз оның құнын көрмедік", - деді Сұлтанов Парламенттің үзілісінде.
Осыған дейін елорда әкімдігіне сілтеме жасаған БАҚ-тар Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесінің құны 79 миллиард теңге делінген мәлімет тараған болатын.
Астанада Ұлттық пантеонның құрылысының жоспары жайлы мәлімет 2013 жылдың желтоқсанында ресми БАҚ-тарда жарияланған болатын. Кейін Астана билігінің пантеонның құрылысы жүретін орын ретінде Қабанбай батыр кесенесін анықтағаны белгілі болды. Бұл кесенеде 2014 жылдың қаңтарында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова жерленген болатын. 2015 жылдың қазанында ҚазГЗУ президенті Мақсұт Нәрікбаев жерленген еді.