Қаржы министрлігі бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрлігі бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды сұрады Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шағын бизнесті тексеруге рұқсатты қайтарып, мораторийді жоюды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шағын бизнесті тексеруге рұқсатты қайтарып, мораторийді жоюды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылы үш жылға енгізілген тексерулерге мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз", - деді Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, бұл мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ол халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қаржы министрлігі қашықтықтан өзара іс-қимылға негізделген ірі бизнестің көлденең мониторингі бойынша жобаны бастағанын айтты.

Капиталды шетелге шығаруға және экономиканы деофшорлауға қарсы іс-қимыл бойынша да кешенді жұмыс жүріп жатқаны айтылды.

Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын кәсіпкерлік субъектілерін, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерді тексеру мен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы жарлыққа қол қойған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети