Қаржы министрлігі халықтың онлайн аударымдарын тексермейді - Әлихан Смайылов

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов қолма-қол ақшасыз аударымдарына қатысты халыққа уайымдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов қолма-қол ақшасыз аударымдарына қатысты халыққа уайымдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аудармаларды жүзеге асырғаны үшін комиссиялардың болмауына, пайдаланудың жеңілдігі мен қолайлылығына байланысты, жедел аудармалардың жүйелері халық пен бизнесте үлкен танымалдыққа ие. Әрине, ҚР Қаржы министрлігі қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуі көлеңкелі экономиканың төмендеуіне ықпал ететінін түсінеді. Қаржы министрлігі мұндай аударымдардан қандай да бір қосымша төлемдер немесе салықтар алуды жоспарлап отырмағанын, оның үстіне жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарына тексеру жүргізуді жоспарлап отырмағанын атап өткім келеді", - деді министр.

Сонымен қатар, ол банктермен бірге министрліктің қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру бойынша ыңғайлы және қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жөнінде жұмыс істейтінін айтады.

"Кәсіпкерлік қызметке келетін болсақ, ол ашық болуы керек. Атап айтқанда, кәсіпкерлер заңнамаға сәйкес фискалдық чектер беруге, ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - онлайн бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға міндетті. Ксіпкерлік мақсатта пайдалану кәсіпкерлерді осы міндеттемелерден босатпайды. Чектің болуы тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін маңызды", - дейді ол.

Министр қазіргі уақытта Қаржы министрлігінің өз бизнесінде жедел аударымдар жүйесін қолданатын кәсіпкерлердің кірістерін әкімшілендіру мәселесін пысықтап жатқанын айтты.

"Мысалы, онлайн бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды автоматты түрде толтыру және салық есептілігін жөнелту функционалы арқылы біріктіру арқылы. Мұндай пилот Kaspi банкпен бірге келесі жылы өткізіледі. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын шағын және шағын бизнес, мысалы патент немесе оңайлатылған декларация салық төлеуден және 3 жылға арналған тексерулерден босатылғанын атап өткім келеді. Осыған байланысты халыққа алаңдаушылық үшін негіз жоқ", - деді Смайылов.

Еске салайық, өткен аптада қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Сенаттың құлуарларында төлем аударымы түрінде электрондық түрде жүргізілетін барлық рәсімдерге, егер адам аударымнан табыс тапқан жағдайда, салық салынуы тиіс екенін хабарлаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer