Қаржы министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліске қатысты түсінік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарасында тұрып қалған автокөліктерге қатысты жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қаржы министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарасында тұрып қалған автокөліктерге қатысты жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері "Қайрақ" кеден бекетінде екі тәулік кезекте тұрғаны хабарланған болатын.

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көрші елде енгізілген карантин шараларына байланысты Ресей жағында автокөліктер жиналып қалған. 

"Жүк көліктерінің кезегі 30 қазанда Қазақстан-Ресей шекара учаскесінде Ресей жағындағы "Бугристое" алдында пайда болды. Мұның себебі - 2021 жылдың 30 қазанынан бастап Ресей президентінің жарлығына сәйкес енгізілген Ресей Федерациясындағы карантин шаралары. Қазақстан аумағында кептеліс байқалған жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Жарлыққа сәйкес Ресейде 30 қазан мен 7 қараша аралығы жұмыс күні емес деп жарияланды, осыған байланысты қазақстандық және ресейлік тасымалдаушылар ҚР аумағына бет алған.

Қаржы министрлігі өкілдері Ресей тарапынан Қазақстанға орта есеппен "Қайрақ" АӨП арқылы күн сайын 600-ге жуық автокөлік өтетінін, бұл ретте 30 қазанда көрсеткіш 860-қа дейін күрт өскенін атап өтті.

"30 қазанда сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, Ресей жағында жағдай тұрақтанды", - деді министрліктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro