Қаржы пирамидалары жарнамасы: 3 мыңнан аса сайт бұғатталады

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы пирамидалары жарнамасы: 3 мыңнан аса сайт бұғатталады Фото:elements.envato.com

Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттау тетігі әзірленді. Нәтижесінде 3 мыңнан аса сайт бұғаттауға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттау тетігі әзірленді. Нәтижесінде 3 мыңнан аса сайт бұғаттауға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді. Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан аса осындай сайттар бұғаттауға жіберілді.

Биыл жалпы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген. Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды. Барлық тұлғаларға нақты мерзімге - 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. 

ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржы пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети