Қаржы пирамидалары қызметіне қатысты заң қабылданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы пирамидалары қызметіне қатысты заң қабылданды Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы мынадай заңдарға қол қойды:

  • "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы";
  • "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

Бұған дейін Президент сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы заңға қол қойған болатын.

Еске салайық, түзетулердің мақсаты - қаржы (инвестиция) пирамидасын құру және оған басшылық еткені үшін жауапкершілікті күшейту. Сондай-ақ, азаматтарды қаржы пирамидасына тартуға әкеп соққан ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті заңнамалық тұрғыда реттеу. Заң жобасы бойынша қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Түзетулер бойынша:

  • қаржы (инвестиция) пирамидаларын құрғаны және оларға басшылық еткені үшін жазаны қатаңдату;
  • қаржы (инвестиция) пирамидасы ақпаратын жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрон ақпарат ресурстары арқылы елеулі залал келтіре отырып, адамдарды тартқандарға қылмыстық жауаптылықты енгізу;
  • қаржы (инвестиция) пирамидаларын жарнамалағаны үшін тергеуді тағайындау.

Қаржы пирамидаларын жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. 1-бөлім бойынша 2000 АЕК дейін айыппұл cалынуы немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. 4-бөлім - білікті құрам, мұнда 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети