13 сәуір 2022 | 12:32

Қаржы пирамидасының құрбаны болмау үшін неге назар аудару керек?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі өкілі қаржы пирамидасының тоғыз белгісін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрлігі өкілі қаржы пирамидасының тоғыз белгісін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаржы пирамидасының құрбаны болмау үшін неге назар аудару керегін айтты.

1. Әкелген клиенттер үшін сыйақы туралы уәде - бонустар.

"Сізге компанияға әкелген әрбір клиент үшін қосымша ақы төлеуге уәде берілсе, бұл ақша салмау, барлық танысты осындай қауіпті нәрседен аулақ болуға шақыру үшін жеткілікті негіз болады", - деп түсіндірді Әділов.

2. Нарық деңгейінен бірнеше есе жоғары кіріске кепілдік беру.

"Түрлі "инвестициялық компания" табысқа кепілдік бере алмайды, бұған заң жүзінде тыйым салынған. Біреу кепілдік берсе, онда ол - алаяқ. Барлығы өте қарапайым", - деді ол.

3. Қажет лицензиялардың болмауы.

"Компания ақша салымдарын тартса немесе қор нарықтарына инвестиция салуды ұсынса әрі оның лицензиясы болмаса, онымен байланысу керек пе, жоқ па, үш мәрте ойланыңыз. Мұндай ұйымдар қаржы мониторингі агенттігінің бақылауында емес, яғни ешкім Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғай алмайды", - деді ІІМ өкілі.
 

4. Алғашқы жарнаның болуы: ресімдеуге, оқытуға, акцияларға.

"Әдетте, бұл жарна - пирамида ұйымдастырушыларының негізгі кірісі, сондай-ақ, қаржы пирамидасының айқын және өзіне тән белгісі", - деді Әділов.

5. Меншікті негізгі құралдардың, басқа да қымбат активтердің болмауы.

"Компанияның қолда бар мүлкі мен активтері қолайсыз оқиға болған жағдайда сатылуы және салынған ақшаны ішінара қайтаруы қажет. Бірақ қаржы пирамидасында мұндай активтер жоқ", - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.

6. Теріс жарнама науқаны.

"Қаржы пирамидаларының жарнамасы көптеген клиентті тез тартуға арналған және тек пирамидалардың негізін қалаушылардың өздеріне пайдалы болатын ақпаратты қамтиды. Әрине, жарнама берушілер мұндай компанияның клиенті тап болуы мүмкін қауіпті жағдайларды айтпауға тырысады", - деп түсіндірді ол.

7. Ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы.

"Пирамиданың салымшылардың өзінен басқа клиенттері жоқ. Сізге ешқашан жеткізушілерді, мысалы, басқа бизнес серіктестерді көрсетпейді. Компанияға ақша салмас бұрын, ол туралы мүмкіндігінше, көп ақпарат алыңыз. Пікірлерді зерттеңіз, бұл мәселеге мұқият қараңыз. Барлық құжатты оқыңыз. Компания нақты немен айналысады және ақшаңыз қайда салынады, біліңіз. Компания кез келген сылтаумен ақпарат беруден бас тартса, тіпті құжаттармен таныстырмаса, салынған ақшаны алу қиын болады", - деп қосты Әділов.

8. Консультация тек жеке кездесуде берілсе.

"Жеке кездесуде клиенттің сеніміне кіріп, оны ақша салуға көндіруі үшін түрлі психологиялық әдістер мен амалдарды қолдану оңайырақ", - деді ол.

9. Олар "келісімшартқа" қол қою кезінде ойланбауға шақырады.

"Асығыс шешім қабылдамаңыз. Келісімшарттың үлгісін сұраңыз және оны үйде зерделеңіз. Жеке ережелері сізге қиындық тудырса, маманмен кеңесуге тырысыңыз. Берілген ақшаның орнына сізде қандай құжат бар екенін қараңыз. Оның заңды күші бар ма?

Кез келген қаржылық құжатты, әсіресе келісімшартты мұқият оқып шығуды әдетке айналдырыңыз. Түсінбестен ештеңеге қол қоймаңыз. Сізге келісім немесе оның жеке ережелері ұнамаса, оған қол қоймаңыз", - деп түйіндеді Әділов.

Ішкі істер министрлігі бейтаныс адамдарға өз ақшаларын бермес бұрын ойлануды ұсынады.

"Өз қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда айтылған белгілердің барлығын немесе бірнешеуін тапсаңыз, сізді қаржы пирамидасына тартуға тырысып жатқан жоқ па, ойлану қажет", - деп қорытындылады Әділов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети