Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына халықаралық іздеу жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті өңірде "Sax Invest" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғалар тобына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті өңірде "Sax Invest" қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғалар тобына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Sax Invest" компаниясы өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздарды, қаржы құралдарын және басқа да активтерді ұстаушы, сондай-ақ Африкадағы алмаз өндіру жөніндегі жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде көрсетті. Компания тіркеуден өтпеген және қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімінде жоқ. "Sax Invest" қызметі қаржы пирамидасына тән белгілерге ие болды:

  • жылдық 24-36 пайызға дейін жоғары кірістілік уәдесімен бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте агрессивті және жаппай жарнаманың болуы;
  • ұйымның қаржылық жағдайы, меншікті негізгі құралдары, басқа активтері туралы қандай да бір ақпараттың болмауы.

"2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 1000-нан астам пирамида салымшылары 1 миллиард теңгеден аса қаражат аударған. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен пирамиданың құрылымдық бөлімшесін басқарған ҚР азаматы күдікті ретінде ұсталып, УҰИ қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Филиалдары республика бойынша жұмыс жасаған "Sax Invest" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы С.Меңдіғалиевке халықаралық іздеу жарияланды.

Сәтжан Меңдіғалиев. Фото құқықтық статистика органдары/qamqor.gov.kz сайтынан алынды

Сондай-ақ, елордада "Sax Invest" компаниясы директорының ұсталғаны жайында бұрын хабарланған болатын. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

"Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері "Qnet", "World Business Consulting", "Finiko" "Antares"/"Antares Trade", "Sincere Systems Group"/"S-Group", "Hermes LTD", "Life is good", "Chia Tai Tianding"/"Chia Tai Pharmaceutical" "Energy Eolus Oazqstan"/"Eolus" сияқты қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro