Соңғы үш ай ішінде Астана қалалық Қаржы полициясы 41 қылмыстың істің бетін ашты деп хабарлайды Тengrinews.kz Астана қалалық Қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соңғы үш ай ішінде Астана қалалық Қаржы полициясы 41 қылмыстың істің бетін ашты деп хабарлайды Тengrinews.kz Астана қалалық Қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың алғашқы тоқсанындағы межемен салыстырғанда 58 пайызға артық болып отыр (өткен жылы 26 іс). Қаржы полициясы ашқан деректердің 12-сі біреудің сеніп тапсырған мүлкін иеленіп кету, 15-і қызмет бабын асыра пайдалану, 7 пара алу, 3 дерек алаяқтық, бір дерек заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу екендігі анықталған.
"Мысалы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаментінің бастығы М.Бақтыбаевтың ісін сот қарауына жолдаған. Шенеунік ақша жымқырды деген айыптаумен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы нормативтік жалған құжаттарды дайындаумен айналысты деп табылып отыр", - делінген Астана қалалық Қаржы полициясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сот "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аумағы әкімшілік басқармасы бастығының орынбасары Әубәкіровты 5 жылға бас бостандығынан айырып отыр. Оған себеп, ол "Түркуаз Констракшн" ЖШС өкілінен Астана экономикалық аумағына кіруі үшін 30 млн теңге алған.
Білім саласына қатысты 23 қылмыстық іс қаралған, жалпы көлемі 80 млн теңгені құрайды. Сотқа жіберілген істер ішінде №39 кешкі мектептің директоры А.Ауғамбаевтың мектепте оқымаған екі азаматқа жалпы білім беру туралы аттестат бергені үшін айыпталғаны белгілі болды. Кешкі мектепте оқымай куәлік алмақшы болған әлгі екі азамат осы "жақсылығы" үшін директорға 65 және 50 мың теңге көлемінде пара бергені анықталды.