Қазақстанның Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі азаматтардың қаржы полициясы органдарына өз өтініштерін электрондық форматта жіберуге арналған "144.kz" арнайы порталын іске қосты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі азаматтардың қаржы полициясы органдарына өз өтініштерін электрондық форматта жіберуге арналған "144.kz" арнайы порталын іске қосты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агенттікке электрондық форматта Блогқа, Веб-сайтқа келіп түсетін азаматтардың өтініштері (сұрақтары) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келмейді, яғни онда тегі, аты, әкесінің аты, азаматтардың пошталық мекен-жайы көрсетілмейді, сондай-ақ арызданушының электрондық сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭСҚ) куәландырылмайды. Осыған байланысты Агенттік Төрағасының Блогы өз жұмысын тоқтатты.
"Жаңа "144.kz" арнайы порталы азаматтарға электрондық сандық қолтаңбасы бар жағдайда өз өтініштерінің уақтылы орындалуын дербес қадағалап отыру (тіркеуден жауапқа дейін) мүмкіншілігін береді. Тіркелу және өтініш (сұрақ) беру тәртібі аталған сайттың бастапқы бетінде орналастырылған", - делінген хабарламада. Сондай-ақ агенттіктің ұғындыруынша, 144.kz сайтының адресі кездейсоқ қойылмаған, себебі дәл осы нөмір республика бойынша барлық аймақтарда сенім телефоны ретінде қолданылады.
Қаржы полициясы агенттігіне шағымдар мен өтініштер қалдыру үшін ең бірінші азаматтар сайтқа тіркелуі қажет. Жеке сәйкестендіру нөмірінің көмегімен және құпия сөз арқылы жеке кабинетке кіріп, өтінішін жасап, карточкада ашылған барлық деректемелерді толтырып, өтінішті электронды форматта тіркеп, сондай-ақ арызын электрондық сандық қолтаңбасымен куәландырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның қаржы полициясы ұры шенеуніктер жайында нақты ақпарат жеткізген қазақстандық азаматтарға арнайы сыйақы беретінін хабарлаған болатын. Аталған ведомство Үкімет қарауына жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысты ашуға және оның алдын кесуге жәрдемдескен тұлғаларды көтермелеу ережесін енгізіп, бекіттіріп алмаққа ниет танытып отыр.